сейсенбі, 28 шілде, 2026 20:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Белгілі сазгер Сержан Бақытжан дүниеден өтті

Белгілі сазгер Сержан Бақытжан дүниеден өтті
ашық дереккөз
Қазақ тыңдармандарына танылған бірқатар әндердің авторы болды.

Қазақ эстрадасы қара жамылды. Белгілі сазгер Сержан Бақытжан дүниеден өтті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.

Сержан Бақытжан қазақ тыңдармандарына кеңінен танылған бірқатар әндердің авторы болды. Оның қаламынан туған «Көк аспан», «Қайтадан», «Айыптама», «Қайырлы түн», «Қиын заман» сияқты шығармалар көпшіліктің жүрегінен орын алды.

Сазгердің туындыларын Ninety One, ORDA, Үркер және басқа да қазақстандық өнерпаздар орындап, олардың репертуарынан берік орын тапты.

Әлеуметтік желіде әріптестері мен тыңдармандары марқұмның шығармашылығын еске алып, көңіл айтуда. Оның әндері қазақ эстрадасында өзіндік қолтаңбасын қалдырған туындылардың қатарында саналады.

Марқұмның қашан және неден қайтыс болғаны туралы ресми ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар