27 шілдеде түнгі сағат 3:10-да Алматының Рысқұлов даңғылында Suzuki және Mercedes маркалы екі автокөлік соқтығысып, салдарынан екі адам қаза тауып, тағы екі адам жарақат алды. Бұл туралы қалалық Полиция департаментінің баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап.
Апат Рысқұлов даңғылы мен Шарипов көшесінің қиылысында болған. Алдын ала мәліметтер бойынша, Suzuki көлігінің жүргізушісі бұрылыс жасау кезінде Mercedes көлігіне соқтығысқан. Жол-көлік оқиғасы салдарынан Suzuki жүргізушісі мен оның бір жолаушысы алған жарақаттарынан оқиға орнында көз жұмды. Ал екінші жолаушы мен Mercedes жүргізушісі түрлі дене жарақаттарымен ауруханаға жеткізілді.
«Адам өліміне әкеп соқтырған жол-көлік оқиғасы дерегі бойынша тергеу басқармасы қылмыстық іс қозғады. Іс аясында қайғылы жағдайдың барлық мән-жайы анықталады», – деп хабарлады департамент өкілдері.
Айта кету керек, Алматыда түнгі уақытта жылдамдықты шамадан тыс асыру мен маневр жасау ережелерін бұзу жол апаттарының негізгі себептерінің бірі болып қала береді. Полиция департаменті жүргізушілерді жол ережелерін қатаң сақтауға және түнгі уақытта аса мұқият болуға шақырады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





