Өскеменде мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаз қашып кеткен
Бұл туралы Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі мәлім етті.
Өскеменде 27943 әскери бөлімінен мерзімді әскери қызметін өтеп жатқан сарбаз өз бетінше келіп-кетіп, қашып кетті. Бұл туралы Өскемен гарнизонының әскери полиция бөлімі мәлім етті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.
Іздеудегі сарбаздың негізгі белгілері: бойы – 177 см, салмағы – шамамен 80 кг, дене бітімі орташа, көзі қара, шашы қысқа қара, бетінде меңдері бар.
Қазіргі уақытта әскери полиция бөлімі ішкі істер органдарымен бірлесіп іздестіру шараларын жүргізуде, ал іздеу жұмыстары ҚР Қарулы күштері Бас әскери полиция басқармасы басшылығының бақылауына алынған. Ведомство еліміздің тұрғындарынан әскери қызметшінің жүрген жері туралы кез келген ақпаратты 8 (7232) 62 34 15, 8 (705) 508 39 39 және 8 (775) 553 53 35 сенім телефондары арқылы құпия түрде хабарлауды сұрайды.