дүйсенбі, 27 шілде, 2026 10:00

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр

Жасөспірімдер түнгі клубтарда ұсталып жатыр
Сурет: qumash.kz
Қазақстандағы профилактикалық рейдтер барысында 2400-ден астам кәмелетке толмаған өспірім полицияға жеткізілді, 1500-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды.

Қазақстанның бірнеше облысында жүргізілген профилактикалық рейдтер барысында 2400-ден астам кәмелетке толмаған өспірім полицияға жеткізілді.

Polisia.kz мәліметінше, 1-3 шілде аралығында Алматы мен Шымкентте, Алматы, Жамбыл, Маңғыстау, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарында, Абай және Ұлытау облыстарында ауқымды профилактикалық іс-шаралар өтті. Рейдтерге 3 мыңға жуық полиция қызметкері тартылды.

Полиция органдарына 2400-ден астам кәмелетке толмаған жеткізілді, оның 1500-ден астамы әкімшілік құқық бұзушылық жасағаны үшін, ал 1000-ы қараусыз және панасыздығы үшін. Барлығы 4 мыңға жуық әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бала тәрбиесі бойынша міндеттерін орындамағаны үшін 257 ата-ана әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Балалар мен жасөспірімдердің түнгі уақытта көшеде және ойын-сауық мекемелерінде болғаны үшін 1500-ге жуық ата-ана жауапқа тартылды.

ІІМ ата-аналарға: «Балалардың қауіпсіздігі – ең алдымен, отбасының жауапкершілігі. Жазғы демалыс кезеңінде балалардың жұмыспен қамтылуына ерекше көңіл бөлуді, балаларыңыздың қайда жүргенін, кіммен араласатынын және бос уақытын қалай өткізетінін білуді сұраймыз», – деп үндеу жасады.

Қаскелеңде жасөспірімдер тобы маскүнем ер адамдарды ұрып-соқты. Бұған дейін шенеуніктер сағат 22:00-ден кейін жасөспірімдердің курьер, даяшы және басқа да жұмыстарда істей алмайтынын түсіндірген болатын.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар