Руханият

Дариға Бадықова өз өмірі туралы деректі фильм түсіретінін айтты

"Экраннан көрінбейтін өмір бар".

Қазақстандық танымал актриса Дариға Бадықова өз өмірі туралы деректі фильм түсіруді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.

Актрисаның айтуынша, көпшілік экраннан көретін бейненің ар жағында көпшілік біле бермейтін шынайы өмір бар. Сондықтан ол өмірлік ұстанымдарын, қабылдаған шешімдерінің себебін және ішкі жан дүниесін көрерменге ашық жеткізгісі келеді.

Дариға Бадықова бұл жобаның мақсаты өзін ақтау немесе жақсы қырынан көрсету емес екенін ерекше атап өтті. Оның сөзінше, фильмде ешқандай жасандылық болмайды.

Айта кетейік, Дариға Бадықова әлеуметтік желіде жаңа фильмнің алдын ала көрсетілімінен алған әсерімен бөлісіп, көз жасына ерік берген видеосын жариялаған. Актриса бұл туындының сценарийі мен драматургиясы өте мықты екенін айтып, көрерменмен тезірек қауышуын асыға күтетінін жеткізді.