дүйсенбі, 22 маусым, 2026 20:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Сот үкімімен Александр Пак 10 жылға сотталды

Сот үкімімен Александр Пак 10 жылға сотталды
Фото: Zakon.kz
Ол өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды

Алматыдағы Әл-Фараби даңғылындағы апат ісі бойынша сот үкімі шықты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Politico.kz. сайтына сілтеме жасап.
Сот үкімімен Александр Пак 10 жылға сотталды.Александр Пак жазасын қауіпсіздігі ең төмен түзеу колониясында өтейді. Сонымен қатар, ол өмір бойына көлік жүргізу құқығынан айырылды. Қаза тапқан қыздың әкесінің пайдасына 10 миллион теңге өндіріліп алынды.

Бұған дейін прокурор үш адамның өліміне күдікті жүргізушіге бас бостандығынан айыру жазасын сұрады. 

Прокурор жол-көлік оқиғасының кешенді сот-медициналық сараптамасының қорытындыларын оқыды. Оның қорытындысына сәйкес, көлік соқтығысу алдында шамамен 115 км/сағ жылдамдықпен жүрген. Қала жағдайында, түнде және мас күйінде мұндай жылдамдықпен көлік жүргізу абайсыздық деп саналмайды. Бұл барлық жол қозғалысына қатысушыға әдейі өлім қаупін тудыру дейді.

«Александр Пакты қылмыс үшін кінәлі деп танып, оны орташа қауіпсіздіктегі түзеу мекемесінде 10 жылға бас бостандығынан айыру және жүргізуші куәлігінен айыру жазасын тағайындауды сұраймын», – деді прокурор.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар