жексенбі, 21 маусым, 2026 13:19

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Назым Қызайбай Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды

Назым Қызайбай Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды
Назым Қызайбай – бокстан үш дүркін әлем чемпионы.

Қазақстандық боксшы Назым Қызайбай Қытайдың Гуйань қаласында өткен World Boxing ұйымының Әлем кубогында алтын медаль жеңіп алды, – деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Aikyn.kz сайтына сілтеме жасап.

54 келіге дейінгі салмақ дәрежесінде өткен финалдық кездесуде қазақстандық спортшы Италия өкілі Сирин Шаарабимен қолғап түйістірді. Тартысты жекпе-жек қорытындысында төрешілер Назымның басымдығын мойындап, оған 4:1 есебімен жеңіс берді.

Осылайша, Назым Қызайбай турнирдің алтын жүлдесін иеленсе, Сирин Шаараби күміс медальға қол жеткізді.

Айта кетейік, Назым Қызайбай – бокстан үш дүркін әлем чемпионы. Ол 2014, 2016 және 2025 жылдары өткен әлем чемпионаттарында жеңімпаз атанған. Ал Сирин Шаарабидің еншісінде 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс және 2025 жылғы қола медальдары бар.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар