сенбі, 20 маусым, 2026 8:28

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Алматыда полицияның қызметтік көлігіне тас лақтырған әйел ұсталды

Алматыда полицияның қызметтік көлігіне тас лақтырған әйел ұсталды
видео скрин
Алматы қалалық полиция департаменті құқық бұзушының жеке басы анықталғанын хабарлады.

Оқиға куәгерлердің видеосына түсіп, кейін әлеуметтік желіде тараған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Бейнежазбада ересек әйелдің тұрақта тұрған полиция көлігіне қарай тас лақтырып жатқанын көруге болады. Осы әрекетінен кейін тәртіп сақшылары оны ұстаған. Полицейлерді көрген әйел қашуға тырысқанымен, алысқа ұзай алмаған.

Алматы қалалық полиция департаменті құқық бұзушының жеке басы анықталғанын хабарлады.

"Әйелдің жеке басы анықталды. Ол ұсақ бұзақылық жасағаны үшін жауапкершілікке тартылды", – деп мәлімдеді ведомство.

Полиция өкілдерінің айтуынша, әйелдің әрекеті түсініксіз болған. Оның психоэмоционалдық жағдайын тексеру үшін оқиға орнына жедел медициналық жәрдем бригадасы шақырылған.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар