Әлем

Ормуз бұғазындағы кеме қатынасы қалпына келтірілді

Бұл туралы АҚШ әскері мәлімдеді.

АҚШ әскері Ормуз бұғазында кеме қатынасының қалпына келгенін мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

 АҚШ Орталық қолбасшылығының хабарлауынша, Иран айлақтарына баратын теңіз жолдары қайта ашылып, америкалық әскери-теңіз күштерінің бұған дейінгі шектеу шаралары тоқтатылған.

«Парсы және Оман шығанақтарында Иран порттарына қатынайтын кемелердің қатынасына кедергі келтірілмейді. АҚШ-тың тосқауыл әрекеттері тоқтатылды», – деп жазылған мәлімдемеде.

Соған қарамастан, АҚШ-тың әскери кемелері аймақта қалып, Вашингтон мен Тегеран арасындағы келісімдердің орындалуын бақылауды жалғастырады.

АҚШ вице-президенті JD Vance кейінгі күндері Ормуз бұғазы арқылы 12,5 миллион баррель мұнай тасымалданғанын айтты. Бұл – қақтығыс басталғалы бергі ең жоғары көрсеткіштердің бірі. Оның сөзінше, соңғы екі күнде Иран күштері бұғаздағы кеме қатынасына шабуыл жасамаған.

Ормуз бұғазы арқылы әлемдік мұнай тасымалының едәуір бөлігі өтеді. Бұғаздағы жағдайдың тұрақтануы халықаралық энергетикалық нарық үшін маңызды оқиға.