Руханият

"15 күндей жындыханада жаттым": белгілі актер Тұңғышбай Жаманқұлов өмірінде болған келеңсіз жайттар туралы сұхбатында айтты (видео)

Нартай Аралбайұлының YouTube арнасындағы бағдарламасына келген еді.

Белгілі актер, Қазақстанның Халық әртісі Тұңғышбай Жаманқұлов өзіне қатысты айтылған айыптаулар мен Арыстанбек Мұхамедиұлымен болған кикілжің туралы 2023 жылғы сұхбатында ашық айтқан еді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Malim.kz.сайтына сілтеме жасап.

Нартай Аралбайұлының YouTube арнасындағы бағдарламада актер қомақты қаржыны иемденді деген айыптаулар өзіне ауыр тигенін жеткізді. Оның сөзінше, нақақтан жабылған жала денсаулығына қатты әсер еткен.

Актер сондай-ақ сол кезде Өнер академиясының ректоры болған Арыстанбек Мұхамедиұлымен арадағы келіспеушіліктің қалай басталғанын айтып берді.