2026 жылғы қысқы Олимпиада ойындарының чемпионы Михаил Шайдоровқа 250 мың доллар көлемінде ақшалай сыйақы төленді. Бұл туралы Туризм және спорт министрлігі хабарлады, деп жазады Oimaqnews.kz
Үкімет қаулысына сәйкес, Италияның Милан және Кортина-д’Ампеццо қалаларында өткен XXV қысқы Олимпиада ойындарында топ жарған Михаил Шайдоров мемлекеттік сыйақы алды. Ол мәнерлеп сырғанаудан Олимпиада чемпионы атанған.
Сондай-ақ конькимен жүгіруден үздік алтылыққа енген Надежда Морозоваға 5 мың доллар көлемінде сыйақы берілді.
Министрлік мәліметінше, Үкімет резервінен тек спортшыларға ғана емес, олардың жаттықтырушыларына да қаржы бөлінген. Жалпы алғанда, 2 спортшы мен 5 жаттықтырушы ақшалай сыйақы алды.
Сыйақы Олимпиадада жоғары нәтиже көрсеткен спортшылардың алғашқы, жеке және бас жаттықтырушыларына төленді.
Бұдан бөлек, Олимпиада жүлдегерлеріне жергілікті атқарушы органдар тарапынан қосымша қолдау көрсетіледі. Атап айтқанда, әкімдіктер спортшыларға жергілікті коммуналдық тұрғын үй қорынан тегін пәтер беруге тиіс.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.






