Қазақстанда сарбаздарды енді жасанды интеллект бақыламақ
Қазақстанда 2027 жылдың соңына дейін барлық казарма жасанды интеллект элементімен жабдықталған бейнебақылау жүйелерімен қамтылады.
Қорғаныс министрінің орынбасары Асқар Мұстабеков айтуынша, министрлік әскери қызметкерлердің қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған кешенді жоспарды жүзеге асырып отыр.
“Иә, қазір барлық жерде камералар орнатып жатырмыз. Бізде қауіпсіздікті қамтамасыз етуге арналған кешенді жоспар бар. Биыл жылдың соңына дейін және келесі жылы барлық казарманы толық бейнебақылау жүйесімен қамтимыз деп ойлаймын. Бұл талдау жүргізетін жасанды интеллекті бар жүйе болады”, – деді Мұстабеков.
Оның сөзінше, әскерге жаңа технологияларды төтенше және келеңсіз жағдайлардың алдын алу үшін орнатып жатыр.