сәрсенбі, 17 маусым, 2026 15:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Мемлекет басшысы Ержан Сәденовті қабылдады

Мемлекет басшысы Ержан Сәденовті қабылдады
Ақорда
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевқа елдегі криминогендік ахуал және ішкі істер органдарының алдына қойылған міндеттердің орындалуы жөнінде баяндалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz 

Ержан Сәденов:

2026 жылдың алғашқы бес айының қорытындысы бойынша тіркелген қылмыс саны былтырғы кезеңмен салыстырғанда 9 пайызға төмендегенін айтты.

Негізгі санаттар бойынша құқықбұзушылықтың азаюы және қылмысты ашу деңгейінің артуы байқалады.

Алдын алу іс-шаралары мен қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мәселесіне ерекше назар аударылып отыр.

Ведомство жазаның бұлтартпас қағидатын дәйекті түрде қамтамасыз етіп келеді. Есепті кезеңде өткен жылдары жасалған 1685 қылмыс ашылған.

Сот төрелігінен жасырынып жүрген 574 қылмыскер, оның ішінде 89-ы шетелден табылды.

киберқылмысқа, есірткі қылмысына, ұйымдасқан қылмысқа және экстремизмге қарсы күрес нәтижелері жөнінде ақпарат берді.

Қылмыстық топтардың жолын кесу, азаматтарды қауіп-қатерлерден қорғау, сондай-ақ қауіпсіздік саласындағы халықаралық ынтымақтастықты нығайту бойынша кешенді іс-шаралар қолға алынған.

Мемлекет басшысы елдегі қоғамдық қауіпсіздік пен құқықтық жүйені қамтамасыз ету үшін «Заң мен тәртіп» қағидатын нақты жүзеге асыру жөнінде бірқатар тапсырма жүктеді.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар