Қостанайда полиция көлігі апатқа ұшырады
Желіде видеосы тарады.
Қостанайда бес күдіктіні сотқа апара жатқан полиция көлігі жол апатына ұшырады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Қызметтік көлік жеңіл автокөлікпен соқтығысып, аударылып қалған. Желіде видеосы тарады.
Апаттан кейін қызметтік көліктегі бес адам қалалық ауруханаға жеткізіліп, бастапқы тексеруден өткен. Ал жарақат алған екі полиция қызметкері әлі ауруханада тексеруден өтіп жатыр.