Спорт

ӘЧ-2026: Бразилия мен Марокко бір-бірін жеңе алмады

Футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатының С тобындағы бірінші тур матчында Бразилия ұлттық құрамасы мен Марокко ұлттық құрамасы 1:1 есебімен тең түсті

Кездесу АҚШ-тың Ист-Ратерфорд қаласындағы Метлайф стадионында өтті. Матчтың бас төрешісі міндетін словениялық Славко Винчич атқарды.

Ойынның 21-минутында марокколық жартылай қорғаушы Исмаэль Сайбари қақпашы Алисон Бекерді алдап өтіп, есеп ашты.

Ал 32-минутта бразилиялық Винисиус Жуниор таразы басын теңестірді.

Екінші турда Бразилия құрамасы Гаити ұлттық құрамасымен (20 маусым), ал үшінші турда Шотландия ұлттық құрамасымен (25 маусым) кездеседі.

Марокко құрамасы келесі турда Шотландиямен (20 маусым), үшінші турда Гаитимен (25 маусым) ойнайды.

Ал алғашқы турда Шотландия мен Гаити құрамалары Америка уақытымен 14 маусымға қараған түні өзара кездеседі.