Шымкентте бойжеткеннің сөмкесінен есірткі табылған
Қылмыстық іс қозғалды. Қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Полицияның мәліметінше, ұсталған сәтте бойжеткеннің сөмкесінен жалпы салмағы шамамен 2 келі болатын мефедрон салынған төрт пакет табылған, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz. сайтына сілтеме жасап.
Сондай-ақ электронды таразылар мен есірткіні өлшеп, орауға арналған қаптама материалдары тәркіленген.
Осыдан кейін полицейлер күдіктінің жалға алынған пәтерінде тінту жүргізді. Пәтерден әрқайсысының салмағы шамамен 5 грамм болатын есірткі салынған тағы 32 орам табылған.
Қылмыстық іс қозғалды. Қыз уақытша ұстау изоляторына қамалды.