Бибісара Асаубаеваның "өз ақшама дайындалдым" деген мәлімдемесі шындыққа сай келмейді – министрлік
Брифинг барысында спорт вице-министр Серік Жарасбаев мемлекет тарапынан бөлінген қаржының көлемін айтты.
Туризм және спорт министрлігі шахматшы Бибісара Асаубаеваның президентке жолдаған үндеуінен кейін шұғыл брифинг өткізді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Politico.kz.сайтына сілтеме жасап.
Брифинг барысында спорт вице-министр Серік Жарасбаев мемлекет тарапынан бөлінген қаржының көлемін айтты. Жарасбаев сондай-ақ жарысқа өз ақшама дайындалдым деген мәлімдемесі шындыққа сай келмейтінін айтты.
Осылайша, биыл Асаубаеваға министрлік мен спортты қолдау қорынан 100 миллион теңге бөлінсе, федерация тарапынан 80 миллион теңге бөлінген.
Жарасбаев шахматшының жалақысы неліктен азайып қалғанын да түсіндіріп өтті.
Еске сала кетейік, шахматшы Бибісара Асаубаева «айлығым үш есеге қысқарды, федерация жалақы төлемеді» деп Президенттен көмек сұраған еді.