Щучинск қаласында ер адам сүйіктісін ұрып өлтірген
Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды.
9 маусым күні Ақмола облысының Щучинск қаласында жас қыз қаза тапты. Аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Редакцияның сауалына жауап берген Ақмола облысы Полиция департаменті алдын ала мәліметтермен бөлісті. Олардың мәліметінше, жанжал барысында ер адам жәбірленушіге дене жарақаттарын салған, соның салдарынан қыз кейін көз жұмған.
Қазіргі уақытта оқиғаның барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.
Марқұмның жақындары мен таныстары оның мейірімді, жарқын мінезді жан болғанын айтады. Әлеуметтік желі қолданушылары оның отбасына көңіл айтып, қайғысына ортақтасуда. Марқұммен қоштасу рәсімі бүгін Щучинск қаласында өтеді.