Ақмоншақ Нұртаза жол апатына түскенін айтып, видео жариялады
"Алтын ханым – 2026" байқауының жеңімпазы атанған мектеп директоры Ақмоншақ Нұртаза жол апатына түсіп қалды.
Жайсыз хабарды директор әлеуметтік желідегі парақшасында бөлісіп, видео жариялады. Кадрлардан оның көз тұсының қанағанын, көлігінің қатты соғылғанын, сонда-ақ жедел жәрдем көлігінде жатқанын көруге болады.
“Қайта туған күн. Аман болайық, бір Алла сақтады. Маған түкіріп қоясыздар-ау”, – деп жазды ол.
Жол апаты туралы естіген желі қолданушылары директорға тезірек сауығып кетуін тілеп, пікір қалдырып жатыр.