Руханият

Нұртас Адамбай АҚШ-та тұрып жатқанын растады

Оның қашан оралатынын туралы нақты ақпарат жариялаған жоқ..

Қазақстандық режиссер әрі актер, «Келинка Сабина» фильмінің авторы Нұртас Адамбай АҚШ-та тұрып жатқанын растады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz  Ult.kz.сайтына сілтеме жасап.

Әлеуметтік желіде ағылшын тілі мектебінің видеосы тарады. Онда Нұртас Адамбайдың соңғы алты айдан бір жылға дейінгі уақыт аралығында АҚШ аумағында тұрақты тұрып жатқаны айтылған. Видеода оның ағылшын тілін үйреніп, жаңа ортаға бейімделуге талпынып жүргені көрінеді.

Бұл ақпарат әлеуметтік желі қолданушылары арасында қызу талқыланды. Кейбір желі қолданушылары бұған дейін Адамбайдың америкалық фильмдер мен мультфильмдерге қатысты сыни пікірлер айтқанын еске салды.

Журналист Михаил Козачков та бұл мәселеге пікір білдіріп, режиссердің бұрын АҚШ-тағы кейбір контенттерді сынағанын, ал қазір сол елде тұрып жатқанын атап өтті. Сонымен қатар ол мұндай жағдайдан қайшылық көрмейтінін айтып, «хейтерлер – ең үлкен жанкүйерлер» деген пікір қалдырды.

Ал Нұртас Адамбай әлеуметтік желідегі жағымсыз пікірлерге жауап беріп, оқырмандарына арнап жазба жариялады.

Әзірге режиссердің АҚШ-та қандай мақсатпен жүргені және елге қашан оралатыны туралы нақты ақпарат жарияланған жоқ. Алайда оның шетелде тұрып жатқаны туралы мәлімдемесі әлеуметтік желілерде кеңінен талқылануда.