бейсенбі, 28 мамыр, 2026 18:02

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Токиода Азия қазақтарының кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылды

Токиода Азия қазақтарының кеңесін құру туралы меморандумға қол қойылды
Фото: Oimaqnews.kz
Азия қазақтары кіші құрылтайының алғашқы күні – ҚР Жапониядағы Елшілігінде қазақ диаспорасы жетекшілерінің қатысуымен өткен маңызды кездесуден басталды.

Шара барысында Малайзия, Жапония, Оңтүстік Корея және Моңғолиядағы қазақ қауымдастықтары Азия қазақтарының кеңесін құру туралы меморандумға қол қойды. Аталған кеңес Азия елдеріндегі қазақ қауымдастықтарын институционалдық тұрғыдан нығайтуға, қызметін үйлестіруге, ұлттық мәдениетті сақтауға және іскерлік байланыстарды дамытуға бағытталады.

«Отандастар қоры» КеАҚ Президенті Данияр Қадыров Азиядағы отандастармен мәдени-гуманитарлық бағыттағы жұмыстың жаңа деңгейге көтерілгенін атап өтіп, жаңадан құрылған кеңес жұмысының жемісті әрі нәтижелі болуына тілек білдірді.

Басқосу барысында шетелдегі қандастардың қол жеткізген маңызды жетістіктері де жария етілді. Мысалы, Малайзиядағы қазақ диаспорасының жетекшісі Баян Нишан көп жылғы еңбек нәтижесінде жергілікті үкіметтің қазақстандық ҰБТ қорытындысын ресми түрде мойындалғанын жеткізді. Бұл шешім қазақстандық түлектерге ҰБТ балымен Малайзияның жетекші университеттеріне тікелей оқуға түсуге жол ашады.

Өз кезегінде Оңтүстік Кореядағы «Qazaq Nomad» орталығының өкілі Есім Ли Сеул төрінде арнайы мәдени орталықтың ашылғанын хабарлады. Ол Кореядағы қазақ диаспорасының жұмысы соңғы жылдары жаңа деңгейге көтеріліп, орталық қандастардың басын қосатын негізгі ошаққа айналғанын атап өтті.

Қол қойылған меморандум аясында Кеңес мүшелері мәдени-гуманитарлық жобаларды бірлесіп іске асыруды ғана емес, аймақтағы жаңадан құрылған қазақ қауымдастықтарына консультациялық көмек көрсетуді де көздеп отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар