Астанада кәмелетке толмаған велосипедші жол апатынан қаза тапты
Оқиға 26 мамыр күні Тәуелсіздік даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болған.
Астанада кәмелетке толмаған велосипедші жол апатына түсіп, оқиға болған жерде қаза тапты, - деп хабарлайды Oimaqnews.kz Aikyn.kz. сайтына сілтеме жасап.
Оқиға 26 мамыр күні Тәуелсіздік даңғылы мен Пушкин көшесінің қиылысында болған. Қалалық полиция департаментінің мәліметінше, оңға бұрылып бара жатқан Mercedes жүк көлігі жолдан өтіп бара жатқан велосипедшіні қағып кеткен.
Кәмелетке толмаған бала жарақатынан оқиға орнында қаза тапты.
Жол-көлік оқиғасына қатысты полиция қылмыстық тергеуді бастады. Жүк көлігі коммуналдық тұраққа эвакуатормен жеткізілді. Қазір құқық қорғау органдары оқиғаның мән-жайын анықтауда.
Полиция жүргізушілерге жылдамдық шегін сақтауды және жаяу жүргіншілер өткелдерінің, мектептердің, аулалардың және тұрғын үйлердің жанында ерекше сақ болуды ескертті.