дүйсенбі, 25 мамыр, 2026 16:15

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбеде пакеттен сәби табылды

Ақтөбеде пакеттен сәби табылды
unian.net
Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жалғастыруда.

Ақтөбе қаласында ішінде жаңа туған сәбиі бар пакет табылды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz. сайтына сілтеме жасап. 

Ақтөбе облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға 23 мамыр күні болған. Полиция қызметкерлері сәбиді дер кезінде тауып, оны шұғыл түрде медициналық мекемеге жеткізген. Қазіргі уақытта жаңа туған нәресте дәрігерлердің бақылауында және тиісті ем қабылдауда.

«Полициямен баланың анасын анықтауға бағытталған жедел іс-шаралар жүргізілуде», — деп толықтырды облыстық Полиция департаменті.

Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның мән-жайын анықтау мақсатында тергеу амалдарын жалғастыруда.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар