дүйсенбі, 25 мамыр, 2026 11:24

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Астаналық мұғалім 13,5 тонналық автобусты тартып, әлемдік рекорд жаңартты

Астаналық мұғалім 13,5 тонналық автобусты тартып, әлемдік рекорд жаңартты
Астана қаласының Ішкі саясат басқармасы
Астанада 55 жастағы бастауыш сынып мұғалімі, әлем чемпионы Айгүл Ержанова 13,5 тонналық автобусты жалғыз өзі тартып, өзінің әлемдік рекордын жаңартты.

Ерекше күш сынасу елордалық №1 автобус паркінің аумағында өтті. деп хабарлайды baq.kz порталына сілтеме жасап Oimaqnews.kz. Шараға БАҚ өкілдері, автопарк қызметкерлері және GLOBAL BEST RECORDS (GBR) ұйымының Азия мен Африка бойынша бас тіркеу офицері Қуандық Құдайбергенов қатысты.

Рекордты тіркеу алдында ұйымдастырушылар автобус салмағы мен алаңның талаптарға сәйкестігін арнайы тексерген. Осыдан кейін ғана ресми түрде рекордтық әрекетке рұқсат берілген.

Айгүл Ержанова автобусты таңғы 09:49-да тарта бастап, небәрі бір минут ішінде 10 метрден астам қашықтықты еңсерген. Куәгерлер мұны қайсарлық пен рух күшінің ерекше көрінісі деп бағалады.

Шара соңында GBR ұйымының ресми өкілі Қуандық Шыңғысұлы спортшыға ұйымның алтын медалін табыстады.

Айта кетейік, Айгүл Ержанова елордалық №50 мектепте бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Бұған дейін ол Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан «Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы» атағын алған.

Спорттағы алғашқы бір жарым жылдың ішінде Айгүл Ержанова ауыр атлетикадан 45 медаль иеленіп, сегіз рекорд орнатқан. Ол бұған дейін де ауыр жүк көліктерін сүйреп, рекордтар кітабына енген.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, шараның мақсаты – спортты насихаттау, қоғамға мотивация беру және күш-жігердің жасқа қарамайтынын көрсету.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар