дүйсенбі, 25 мамыр, 2026 10:20

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

МӘМС жарнасын төлемегендерге бақылау күшейтілді

МӘМС жарнасын төлемегендерге бақылау күшейтілді
Magnific.com
Түркістан облысында МӘМС жүйесімен қамтылғандар саны артып келеді.

2026 жылғы мамырдағы мәлімет бойынша өңірде 2 млн-нан астам тұрғын медициналық ұйымдарға тіркелген. Оның 85,7 пайызы сақтандырылған болса, 298 мыңнан астам адам әлі де жүйеден тыс қалып отыр, деп хабарлайды Arasha.kz.

«Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» филиалының мәліметінше, өткен жылмен салыстырғанда сақтандырылмаған азаматтар саны 92 мыңнан астам адамға азайған.

Сонымен қатар, МӘМС жарналарын уақытылы төлемегендерге бақылау күшейтілді. Мемлекеттік кірістер комитетінің дерегіне сәйкес, Түркістан облысында 33 818 азаматқа өсімпұл есептеліп, оның жалпы сомасы 247,9 млн теңгеге жеткен. Бұдан бөлек, жарналарды тұрақты төлемеген 21 609 салық төлеушіге камералдық бақылау хабарламалары жолданған.

Қор мамандары МӘМС мәртебесін сақтау үшін жарналарды үздіксіз әрі уақытылы төлеу қажет екенін ескертті.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар