бейсенбі, 7 мамыр, 2026 12:43

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстандық ерлер патч пен әжімге қарсы кремге жиі ақша жұмсай бастаған

Қазақстандық ерлер патч пен әжімге қарсы кремге жиі ақша жұмсай бастаған
Freepik
Қазақстанда ерлерге арналған косметикаға сұраныс айтарлықтай артқан.

«Золотое Яблоко» сарапшыларының мәліметінше, бір жыл ішінде ерлер косметикасының сатылымы 34 пайызға өскен.

Әсіресе шаш күтімі, сақал мен қырынуға арналған өнімдер сегменті қарқынды дамып келеді. Бұл бағыттағы сатылым көлемі бір жылда 45 пайызға артқан.

Сарапшылардың айтуынша, қазақстандық ерлер арасында көз астындағы ісінуге қарсы сұйық патчтар мен әжімге қарсы кремдер танымал бола бастаған. Сонымен қатар парфюмерия нарығында да өсім байқалады. Хош иіс өнімдерінің сатылымы 20 пайызға көбейсе, орташа чек 38 597 теңгені құраған.

Ең көп сұранысқа ие хош иістер қатарында YSL Y, Armani Stronger With You Intense, Versace Eau Fraiche және Hugo Boss Bottled бар.

Ал күтімге арналған өнімдер ішінде Borodatos, ECOLATIER Men және Hipster өнімдері жиі таңдалады.

Сарапшылар әлемдік ерлер косметикасы нарығы қазірдің өзінде 80 миллиард долларға жақындағанын айтады. Болжам бойынша, 2028 жылға қарай бұл көрсеткіш 115 миллиард доллардан асуы мүмкін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар