КВН жұлдызы жол апатынан мерт болды
КВН қатысушысы және "Утомленные солнцем" командасының жұлдызы Елена Рыбалконы көлік қағып кетті.
Ресейлік БАҚ-тың хабарлауынша, Елена Рыбалко Адлерде көліктің қағып кетуінен қаза тапқан. Ол рұқсат етілмеген жерде қарбалас тас жолдан өтпек болып, оны Toyota көлігі қағып кеткен.
Рыбалко оқиға орнында қаза тапты. Ол 53 жаста еді.
Елена Рыбалко "Утомленные солнцем" командасының құрамында Михаил Галустян және Александр Реввамен бірге КВН Жоғарғы лигасында бақ сынаған.