жексенбі, 3 мамыр, 2026 15:11

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Түркістан облысында 81 адам су тасқынынан құтқарылды

Түркістан облысында 81 адам су тасқынынан құтқарылды
Фото: видеодан скрин
Түркістан облысында тасқын судан 81 адамды эвакуацияланды.

Түркістан облысы Төлеби ауданындағы Ақмешіт ауылының туристік аймағында жауын-шашынның көп түсуіне байланысты Ақмешіт өзенінің су деңгейі көтерілген.

Нәтижесінде демалыс аймағы мен пикник аумағын байланыстыратын екі уақытша қолдан жасалған көпір шайылып кетті. Сондай-ақ, Екпінді аумағындағы өткел зақымданды. 

Оқиға орнына ТЖМ күштері жедел жетіп, Екпінді ауылынан қауіпсіз жерге барлығы 81 адам көшірген. Құтқарушылардың мәліметінше, зардап шеккендер жоқ, медициналық көмекке жүгіну жағдайлары тіркелмеген.

Қазіргі уақытта оқиға орнында ТЖМ қызметкерлері, «Қазселденқорғау» мамандары, полиция және жергілікті атқарушы органдар өкілдері жұмысын жалғастырып, уақытша өткел ұйымдастыру және аумақты қалпына келтіру шараларын жүргізіп жатыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар