сенбі, 2 мамыр, 2026 13:47

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Тиелген түйе жүк көлігінен секіріп кетті

Тиелген түйе жүк көлігінен секіріп кетті
Фото: видеодан скрин
Әлеуметтік желіде тараған бейнежазбалардың бірінде тиелген түйе жүріп келе жатқан жүк көлігінің үстінен секіріп кетті.

Бұл бейнежазба желі қолданушылар арасында қызу талқыға түсті. Кадрлардан жүк көлігінің үстіне тиелген түйенің қозғалыс кезінде кенеттен орнынан атып тұрып, жол үстіне секіріп түскені байқалады.

Желі қолданушылары бұл жағдайға алаңдаушылық білдіріп, жануарларды тасымалдау кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтау қажеттігін атап өтті.

«Көрмес түйені де көрмес», «Жүргізуші тоқтамай ма? Қалай байқамайды?!», «Жануар мертігіп қалды-ау», «Салмақпен қатты түсті», «Көлікті аударып жібермегеніне шүкір», «Аяп кеттім ғой», «Ережені сақтау керек»,– деп жазды көпшілік.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар