Алматыда 81 жастағы зейнеткерді ұрлап әкетіп, үйін тартып алмақ болған
- авторОймақ
- Бүгін, 20:15
- 16
Полицияның мәліметінше, жалғыз тұратын зейнеткердің жоғалып кеткенін таныстары байқап, полицияға шағымданған.
“Жедел әрекет ету нәтижесінде зейнеткер қала маңындағы елді мекендердің бірінде, жергілікті тұрғындардың үйінен табылды. Оны ұрлады деген күдікпен үш азамат ұсталды. Анықталғандай, күдіктілер жәбірленушінің сеніміне кіріп, оның осал жағдайын пайдалана отырып, бас бостандығын шектеген және жылжымайтын мүлкін өз атына рәсімдеуге көндірмек болған”, – делінген полиция хабарламасында.
Адам ұрлау дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Күдіктілер екі ер адам мен бір әйел уақытша ұстау изоляторына қамалды.
“Азаматтардың дер кезінде хабарлауы мен полиция қызметкерлерінің жедел әрі үйлесімді әрекеттерінің арқасында ауыр салдардың алдын алып, зейнеткердің құқықтары қорғалды”, – деді Түрксіб аудандық полиция басқармасының бастығы Думан Аухадиев.
Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты және объективті анықтауға, сондай-ақ әрбір күдіктінің рөлін айқындауға бағытталған тергеу амалдары жүргізілуде.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





