сәрсенбі, 29 сәуір, 2026 12:06

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қырғызстанда жоғары лауазымды үш тұлғаға айып тағылды

Қырғызстанда жоғары лауазымды үш тұлғаға айып тағылды
ашық дереккөз
Оларға мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды,

Қырғызстанда бұрынғы жоғары лауазымды үш тұлғаға мемлекеттік төңкеріс жасауға әрекеттенді деген айып тағылды, деп Arasha.kz тілшісі 24.kg басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

Атап айтқанда, экс-ҰҚК төрағасы Қамшыбек Тәшиев, бұрынғы депутат Курманкул Зулушев және Жогорку Кеңештің бұрынғы төрағасы Нурланбек Тургунбек уулу ресми түрде айыпталушылар қатарына енгізілген.

Бұл туралы адвокат Шердор Абдыкапаров мәлімдеген. Оның айтуынша, аталған тұлғаларға бұған дейін осы іс бойынша басқа фигуранттарға қолданылған баптар бойынша айып тағылған.

Тергеу материалдарына сәйкес, іс жаппай тәртіпсіздіктерді ұйымдастыру және билікті күшпен басып алуға әрекеттену сияқты ауыр қылмыстарға қатысты болып отыр.

Қауіпсіздік құрылымдарындағы дереккөздердің мәліметінше, күдіктілер Ішкі істер министрлігінің Бас тергеу басқармасында бірнеше сағат бойы жауап берген. Тергеу әрекеттерінен кейін олар ведомство ғимаратынан кеткен.

Әзірге айыптардың нақты мазмұны мен тергеу барысы ресми түрде жарияланған жоқ. Алдын ала мәліметтерге қарағанда, бұл іс "75-тің хаты" деп аталатын құжатқа байланысты болуы мүмкін.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар