Мемлекет басшысы Ирак президентіне құттықтау жолдады
Бұл туралы Ақорда мәлімдеді.
Мемлекет басшысы Ирак Республикасының Президентіне құттықтау жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Oimaqnews.kz
Қасым-Жомарт Тоқаев Низар Амидиді Ирак Республикасының Президенті болып сайлануымен құттықтады.
Қазақстан Президенті Ирак мемлекеті мен халқының жарқын келешегін қамтамасыз етуге бағытталған Низар Амидидің бастамаларына сәттілік тіледі.
Сондай-ақ екі ел арасындағы дәстүрлі достық пен өзара қолдау рухындағы ынтымақтастықтың одан әрі дами түсетініне сенім білдірді.