Қоғам

Иманғали Тасмағамбетов танымал ақынның асына қатысты

Темірхан Медетбектің жылдық асына жиналғандарға ақын жайлы қос кітап үлестірілді.

Алматы қаласында өткен танымал ақын Темірхан Медетбектің жылдық асында Иманғали Тасмағамбетов бой көрсетті, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Politico.kz.сайтына сілтеме жасап. 
Жазушылар одағының мүшесі Серік Сейтманның әлеуметтік желіде жылдық астан жариялаған видеосынан оған Иманғали Тасмағамбетовтің де қатысып, сөз сөйлегенін көруге болады.

Сондай-ақ асқа Ақұштап Бақтыгерреева, Қазыбек Иса, Ұлықбек Есдәулет, Асхат Оралов секілді ақын-жазушылар мен қоғам белсенділері қатысқан.

«Бүгін Алматыда болдық. Қазақстанның Халық жазушысы, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты, «Ақиқаттың алдаспаны» атанған ақын, марқұм Темірхан Медетбек ағамыздың жылдық асын жүргізу бізге нәсіп болды. Көзі тірісінде ізінен ерген інісі ретінде көп қолдауын көрдік. Сол себепті Шолпан апай аттай қалап хабарласқан соң, қызмет етуді азаматтық парыз санадық. Бір әдемі, жып-жылы еске алу кеші өткендей болды»,– деді Серік Сейтман.

Оның айтуынша, Темірхан Медетбектің жылдық асына жиналғандарға ақын жайлы қос кітап үлестірілді.