"Ананың бойындағы қорқыныш, үміт қатар жүретін қандай сәт…": Төреғалидың жары әсерлі жазба жариялады
Ананың жүрегіндегі қорқыныш пен үміттің қатар жүретінін айтты.
Қазақстандық әнші Төреғали Төреәлінің жары Толқын Тұрарбекқызы жетінші сәбиін дүниеге әкелгеннен кейін әлеуметтік желіде әсерлі жазба жариялады, деп жазады Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Толқын Тұрарбекқызы босанған сәттегі ішкі күйін жасырмай, ананың жүрегіндегі қорқыныш пен үміттің қатар жүретінін айтты.
Сондай-ақ ол өміріндегі ең ауыр кезеңдердің бірінде иманға келгенін де жеткізді.
«Алланыкі екенімді осы екі өмірдің ортасында қатты сезіндім. Күнделікті өмірде ауыз сөйлей береді екен», – деді ол көзіне жас алып.