Атырау облысындағы Жангелдин ауылында болған отбасы қазасына қатысты істің жаңа мән-жайлары белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Tengrinews.kz жазуынша, іс бойынша негізгі күдікті – марқұм отбасының күйеу баласы Сұлтан Сәрсемалиевке де кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама тағайындалған. Қазіргі уақытта екі күдіктіге қатысты сараптама қорытындылары әлі дайын емес.
"Сұлтан Сәрсемалиевке қатысты кешенді сот-психологиялық және психиатриялық сараптама белгіленді (қорытындысы алынған жоқ)", – деп хабарлады прокуратура.
Алайда оның нақты қай жерде сараптамадан өтіп жатқаны әзірге нақтыланбаған.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





