Қоғам

Бүгін қай қалада ауа сапасы төмендейді

«Қазгидромет» РМК еліміздегі ауа сапасына қатысты болжамын жариялады.

 

10 сәуірде түнде Өскемен, Семей, Риддер, Тараз, күндіз Алматы қалаларында қолайсыз метеорологиялық жағдайлар күтіледі, — делінген хабарламада.

Қолайсыз метеорологиялық жағдайлар — атмосфералық ауаның беткі қабатында зиянды (ластаушы) заттардың шоғырлануына ықпал ететін қысқамерзімді метеофакторлардың (тымық ауа райы, жеңіл жел, тұман, инверсия) жиынтығы.

Қолайсыз метеорологиялық жағдай кезінде елдімекендердегі атмосфералық ауаның сапасы нашарлауы ықтимал.