Қоғам

Алматыда 5 мыңға жуық көлік айыппұл арқалады

Бақылау күшейтілгенімен, адам факторына байланысты құқық бұзушылықтар азаймай отыр.

Алматыда сегіз күнге созылған "Стоп-бұзушылық" жедел алдын алу шарасы барысында 15 мыңға жуық жол қозғалысы ережесін бұзу фактісі тіркелді. Олардың басым бөлігі – өрескел әрі қауіпті әрекеттерге қатысты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.

Полицияның дерегінше, осы кезеңде 4,7 мыңнан астам көлік арнайы айыппұл тұрағына жеткізілген.

Алматы Полиция департаменті бастығының орынбасары Ғалым Сарғұлов жолдағы ахуалдың әлі де күрделі екенін атап өтті. Оның айтуынша, бақылау күшейтілгенімен, адам факторына байланысты құқық бұзушылықтар азаймай отыр. Полиция тек өрескел ереже бұзуды ғана емес, сонымен қатар агрессивті жүргізу, қауіпті маневрлер жасау және жол ережелерін әдейі елемеу жағдайларын да жүйелі түрде тіркеп келеді.

Айта кетейік, 21 наурыз күні Алматыда резонанс тудырған жол апаты болған еді. Әл-Фараби даңғылы мен Меңдіқұлов көшесінің қиылысында Mercedes пен Zeekr көліктері соқтығысып, салдарынан үш адам қаза тапты. Mercedes көлігінің 29 жастағы жүргізушісі мен екі жолаушысы (20 және 22 жаста) оқиға орнында көз жұмды. Ал Zeekr жүргізушісі түрлі жарақатпен ауруханаға жеткізілді. Апат кезінде оның мас күйде болғаны анықталған.