бейсенбі, 9 сәуір, 2026 23:39

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Қазақстанда алғаш рет ең бай әйелдердің тізімі жасалды

Қазақстанда алғаш рет ең бай әйелдердің тізімі жасалды
фрипик
Қазақстандағы ең бай әйелдер кім: Forbes жаңа рейтинг ұсынды.

Рейтингке енген 25 кәсіпкердің жиынтық байлығы 8,1 млрд доллардан асады. Бірақ бұл қаржы барлық қатысушылар арасында тең бөлінбеген – негізгі үлес санаулы адамдардың қолында шоғырланған. Сарапшылар бұл деректер елдегі капиталдың қалай бөлініп жатқанын анық көрсетеді дейді.

Бұл тізімнің тағы бір ерекшелігі – байлықтың қайдан келгені. Мамандардың айтуынша, рейтингтегі әйелдердің капиталының 85–90 пайызы отбасылық немесе серіктестік бизнеске байланысты. Яғни көп жағдайда бұл нөлден басталған кәсіп емес, бұрыннан бар активтерге үлес қосу, мұра немесе отбасы бизнесіне қатысу арқылы қалыптасқан.

Рейтингке қарасаң, байлықтың тең бөлінбегені бірден көзге түседі. Жалпы капиталдың 67 пайызы бір ғана адамның — Динара Кулибаева қолында. Оның байлығы шамамен 5,4 млрд доллар. Яғни қалған ондаған қатысушының жиынтық капиталы да бұл көрсеткішке жете алмайды.

Негізгі активтері банк саласы, жылжымайтын мүлік және білім беру бағытында шоғырланған. Одан кейін Мукадасхан Ибрагимова мен Дарига Назарбаева келеді. Бұл үштік рейтингтегі ең ірі үлесті құрайды.

Қалған кәсіпкер әйелдердің байлығы көбіне 30–200 млн доллар аралығында. Ал алғашқы бестік жалпы капиталдың 87 пайызын ұстап отыр. Бұл көрсеткіш Қазақстанда қаржының тар шеңберде топтасқанын анық аңғартады.

Forbes нұсқасы бойынша Қазақстандағы ең бай әйелдер:

Динара Кулибаева — 5,4 млрд доллар

Мукадасхан Ибрагимова — 650 млн доллар

Дарига Назарбаева — 550 млн доллар

Анжела Сарсенова — 249 млн доллар

Айжан Есім — 207 млн доллар

Айдан Сулейменова — 175 млн доллар

Каншаим Сейтжанова және Жанна Сейтжанова — 84 млн доллар

Алена Сулейменова — 73 млн доллар

Гаухар Каппарова — 65 млн доллар

Гульнар Досаева — 61 млн доллар

Раушан Сагдиева — 57 млн доллар

Ирина Козлова және Александра Соколова — 52 млн доллар

Любовь Дружинина — 50 млн доллар

Сауле Сейсембаева — 48 млн доллар

Элеонора Баталова — 44 млн доллар

Карина Сарсенова — 42 млн доллар

Алия Маханова — 39 млн доллар

Наталья Акентьева — 36 млн доллар

Сауле Зейнолла — 35 млн доллар

Амина Касымова — 34 млн доллар

Сандугаш Кемельбаева — 34 млн доллар

Галина Зкрияева — 33 млн доллар

Амина Ажмаганбетова — 31 млн доллар

Гаухар Абыкаева — 30 млн доллар

Жанна Кан — 28 млн доллар

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар