Әлеумет

Ұлытау облысында ер адам сүйіктісін пышақтап өлтірді

Марқұмның төрт баласы болған.

Жәйрем кентінде 42 жастағы әйел 33 жастағы бірге тұратын ер адамның қолынан қаза тапты, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап. 

Криминалды Қазақстан телеграм арнасының мәліметінше, Ол отбасын өзі асыраған — дүкені болған, пәтерлерін жалға беріп, төрт баланы тәрбиелеген, олардың ішінде мүгедектігі бар қызы да бар.

Туыстарының айтуынша, ер адам жұмыс істемеген, алкогольді жиі пайдаланған және агрессия көрсеткен. Олардың қарым-қатынасында ұзақ уақыт бойы зорлық-зомбылық болған.

Қайғылы оқиғаға дейін әйел онымен ажырасуға шешім қабылдаған, бірақ уақытша өз пәтерінде тұруына рұқсат берген.

Оқиға болған күні әйел өз дүкенінде болған. Сағат 13:55 шамасында ол жерге бірге тұратын ер адам келіп, пышақпен шабуыл жасаған. Туыстарының айтуынша, ол шамамен 20 рет пышақ жарақатын салған, оның ішінде өмірлік маңызды мүшелеріне де тиген.

Шабуылдан кейін ер адам өз-өзіне қол жұмсамақ болған, бірақ аман қалған. Қазір ол Жезқазған қаласының ауруханасында жатыр.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 99-бабының 5-бөлігі («Аса қатыгездікпен жасалған кісі өлтіру») бойынша қылмыстық іс қозғалды.

Марқұмның туыстары әділ тергеу жүргізілуін талап етіп, балаларға қамқоршылық рәсімдеуді жоспарлап отыр.