Қырғызстанда Тәшиевтің інісі ұсталды
Шаирбек Тәшиев Бішкек қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.
Қырғызстанда Ұлттық қауіпсіздік мемлекеттік комитетінің бұрынғы басшысы Қамшыбек Тәшиевтің інісі ұсталды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Arasha.kz.сайтына сілтеме жасап.
Ведомствоның мәліметінше, қылмыстық іс аясында бұрын Жогорку Кенеш депутаты болған Шаирбек Тәшиев ұсталған.
ІІМ дерегіне сәйкес, ол "Қырғызнефтегаз" ААҚ-дағы сыбайлас жемқорлық фактісі бойынша тергеу шеңберінде ұсталған.
Қазіргі уақытта Шаирбек Тәшиев Бішкек қалалық ІІБ уақытша ұстау изоляторына қамалды.