Қанат Ислам жастар құрамасының үйлестірушісі қызметіне тағайындалды
Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді.
Белгілі боксшы Қанат Ислам Қазақстан жастар құрамасының үйлестірушісі қызметіне тағайындалды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы мәлімдеді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Еске сала кетейік, Ислам бірінші орта салмақ дәрежесінде WBA Inter-Continental, WBO NABO, WBO Inter-Continental, WBA Fedelatin және WBA Fedecaribe титулдарының иегері.