сәрсенбі, 25 наурыз, 2026 14:50

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Ақтөбеде такси жүргізушісі жолаушыға 500 мың теңге өтемақы төлейді

Ақтөбеде такси жүргізушісі жолаушыға 500 мың теңге өтемақы төлейді
фрипик
Ақтөбеде жол-көлік оқиғасы салдарынан зардап шеккен жолаушыға такси жүргізушісі 500 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Оқиға қалада болған. Жас әйел баласымен бірге мобильді қосымша арқылы такси шақырған. Оларды 27 жастағы жүргізуші Chevrolet Cobalt көлігімен тасымалдаған. Алайда реттелмейтін қиылыстан өту кезінде жүргізуші басқа көлікке жол бермей, соқтығысқан.

Жол апаты салдарынан жолаушы ауыр жарақат алып, ауруханаға жеткізілді. Дәрігерлер оған үш қабырғасының сынғанын анықтаған. Әйел бірнеше ай бойы толыққанды қозғала алмай, жұмыс істеу мүмкіндігінен айырылған.

Сотта жүргізуші өз кінәсін толық мойындап, жәбірленушінің ем-дом шығындарын өтегенін айтты. Сондай-ақ ол отбасындағы жалғыз асыраушы екенін және жұбайының сырқат екенін алға тартып, жеңіл жаза сұраған.

Ал жәбірленуші алған жарақаты салдарынан ұзақ уақыт қиналғанын, екі ай жұмыс істей алмай, қарызға батуға мәжбүр болғанын жеткізді. Осыған байланысты ол моральдық шығын ретінде 500 мың теңге талап етті.

Сот шешімімен жүргізуші 80 сағат қоғамдық жұмысқа тартылып, бір жылға көлік жүргізу құқығынан айырылды. Сонымен қатар, ол жәбірленушіге 500 мың теңге көлемінде моральдық өтемақы төлеуге міндеттелді.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар