Алматыдағы жантүршігерлік апат: мән-жайы белгілі болды
Апат салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Алматыда Әл-Фараби даңғылында үш адам қаза тапқан жол апатының мән-жайы белгілі болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Тергеу мәліметінше, Zeekr автокөлігінің жүргізушісі қарсы бағытқа шығып кетіп, Mercedes көлігімен соқтығысқан. Апат салдарынан екінші көліктің жүргізушісі мен екі жолаушысы оқиға орнында қаза тапты.
Күдікті жарақат алып, қазіргі уақытта ауруханада күзетпен жатыр. Жағдайы тұрақтанғаннан кейін оны уақытша ұстау изоляторына қамау жоспарлануда. Жол-көлік оқиғасы бойынша ҚР ҚК-нің 345-бабының 4-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Бұл бап 10 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасын көздейді.
Сондай-ақ полиция бейнебақылау камераларының жазбаларын тәркілеп, жүргізушіні алкогольге тексеру үшін медициналық сараптама тағайындады. Көліктер айып тұрағына қойылып, әкімшілік құқықбұзушылықтар бойынша материалдар сотқа жолданды.