Алматыда біреу жасөспірімге шабуыл жасп, гитарасын тартып алған
Полиция тексеру жүргізіп жатыр.
Желіде Алматыда жасөспірімге жасалған шабуылдың видеосы пайда болды, белгісіз біреу оның гитарасын тартып алған. Полиция тексеру жүргізіп жатыр, деп хабарлайды Oimaqnews.kz ПД-не сілтеме жасап.
Qumash Telegram-арнасының хабарлауынша, Парковая көшесіндегі дүкеннің жанында белгісіз ер адам 12 жасар балаға тап беріп, гитарасын тартып алған. Анасының айтуынша, шабуылдаушының қолында пышақ болған және ол балаға сонымен сес көрсеткен.
Айта кететін жайт, әйел дәлелдердің аздығынан полицияға жүгінбеген. Оның айтуынша, видеода шабуылдаушының бет-әлпеті көрінбейді.
Оқиғаға Алматы қаласының балалар омбудсмені Диана Ерлан да үн қосты.