Батыс Қазақстанда адамды 262 ит қапқан
Батыс Қазақстан облысында жыл басынан бері жануарлардан зардап шеккендер саны көбейген.
2026 жылдың алғашқы екі айының өзінде ғана 400-ден астам адам медициналық көмекке жүгінген.
Дәрігерлердің мәліметінше, осы кезеңде 417 адамды жануарлар тістеп немесе тырнап жарақаттаған. Бұл өткен жылдың сәйкес мерзімімен салыстырғанда айтарлықтай жоғары — былтыр дәл осы уақытта 339 жағдай тіркелген.
Зардап шеккендердің басым бөлігі иттердің шабуылына ұшыраған. Атап айтқанда, 262 адамды ит қапқан. Сонымен қатар, мысықтардың тістеуі мен тырнауынан жараланғандар да аз емес — олардың үлесі шамамен төрттен бір бөлігін құрайды. Бұдан бөлек, ірі қара малдан зардап шеккен 20 жағдай тіркелген.
Арасында балалар да бар: мамандардың айтуынша, биыл жарақат алғандардың 90-ы — кәмелет жасына толмағандар.
Санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті өңірде құтыру деректері тіркелмегенін хабарлады. Барлық зардап шеккендер уақытында дәрігерге қаралып, қажетті екпелерін алған.