Алматы қаласының прокуратурасының бастамасымен жыл басынан бері алимент төлеуден жалтарған 17 борышкерге қатысты ҚР ҚК-нің 139-бабымен қылмыстық істер тіркелді, деп хабарлайды OImaqnews.kz turkystan.kz. сайтына сілтеме жасап.
Сонымен қатар ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабымен алимент өндіріп алу туралы сот актілерін орындамағаны үшін 95 борышкер әкімшілік жауаптылыққа тартылды.
Қабылданған шаралардың нәтижесінде 350 баланың пайдасына 400 млн теңгеден астам сомаға алимент бойынша берешек өтелді.
Алматы қаласының прокуратурасы кәмелетке толмаған балаларды күтіп-бағу міндеті ата-аналарға жүктелгенін еске салады және барлық ата-ананы балалар алдындағы өз міндеттерін уақтылы орындауға шақырады.
Алимент төлеуден жалтару, әкімшілік (ҚР ӘҚБтК-нің 669-бабы) және қылмыстық жауаптылыққа (ҚР ҚК-нің 139-бабы) әкеп соғады.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.
Таразда кәсіпкерден ақша талап еткен белсенді ұсталды
Ұқсас жаңалықтар
Жетісу облысында ағайынды жігіттер әкелерін бірнеше рет соққыға жыққан
- авторОймақ
- 19 наурыз, 2026






