Алматыда 13 жастағы бала оқыс оқиғаға ұшырады
Алматыда 13 жастағы баланы тоқ ұрып, жансақтау бөліміне түсті. Ол электромобильдерді қуаттайтын бекеттің жанындағы қоршаудан секіріп өтпек болған.
Телеарна хабарлауынша, баланың сол сәтте қолы кернеуі бар сымға тиіп кетіпті. Осыдан кейін өзге тұрғындар да ұл-қызының қауіпсіздігіне алаңдаулы. Онсызда бекеттің кесірінен кептеліс пайда болып, қаптаған жүргізушілер тынышымызды алды дейді.
Енді мұндағы тұрғындардың бәрі балаларының қауіпсіздігіне алаңдаулы. Тоқпен жүретін көліктерді қуаттайтын бекет 2 жылдан бері берекемізді қашырып жіберді дейді олар. Айтуларынша, соның кесірінен тұрғын-үй кешеніне кіріп-шығатын жалғыз жолда үнемі кептеліс. Бұған қоса, бекет тәулік бойы жұмыс істейді. Сондықтан, түнде де адам мен көлік қаптап, тынышымызды қашырды деп отыр.
Тұрғындар бұл бекеттің жұмысына әу бастан үзілді-кесілді қарсы болған. Жауапты мекемелерге де сан мәрте шағым түсірген. Кейін мұнда тексеріс жүргізіліп, ұсақ заң бұзушылықтар анықталыпты. Ал бекет иесі рұқсат қағазым бар, бәрі заң аясында деп ағынан жарылды.
Дегенмен жұрт бекетті бұл жерден мүлдем алып тастауды талап етуде. Ал энергетикалық қадағалау басқармасындағыдар 10 сәуірге дейін қайта тексеріс жүргізіп, тиісті шаралар қабылданады деп уәде етті.