сәрсенбі, 18 наурыз, 2026 13:44

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

БҚО-да қыз зорлады деген күдікпен ұсталған шенеунік қайтыс болды

БҚО-да қыз зорлады деген күдікпен ұсталған шенеунік қайтыс болды
Өлім дерегі бойынша тергеу басталды.

БҚО-да 16 жастағы қызды зорлады деген күдікпен ұсталған Әлібек Жүпілов қайтыс болды, деп хабарлайды Oimaqnews.kz Qaz365.kz.сайтына сілтеме жасап.

Орал қаласындағы тергеу изоляторында отырған шенеунік 11 наурызда бауыры ауырып, денсаулығы нашарлаған соң Орал қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылған. 16 наурыз күні ол есін жимастан көз жұмды.

«Аталған дерек бойынша 2026 жылдың 25 ақпанында күдікті заңмен белгіленген тәртіпте қамауға алынды. 11 наурызда денсаулық жағдайының нашарлауына байланысты ол Орал қаласындағы облыстық көпбейінді аурухананың жансақтау бөліміне жатқызылды. Оған бауыр некрозымен асқынған бауырдың уытты зақымдануы, кетоацидозы бар инсулинге тәуелді емес қант диабеті диагнозы қойылған. 16 наурыз күні сағат 18:10-да ер адам есін жимастан көз жұмды. Өлім дерегі бойынша сотасты тергеу басталды. Жан-жақты тексеру жүргізіліп жатыр, ал өзге ақпарат тергеу мүддесіне сай жария етілмейді», — деп мәлімдеді полиция.

Қаңтар айында осы азаматқа қатысты Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 120-бабы – «Кәмелетке толмағанды зорлау» дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған еді.  Жәбірленуші – Ақсай қаласының 16 жастағы тұрғыны. Оның сөзінше, ол әлеуметтік желі арқылы өзін жас жігіт ретінде таныстырған адаммен хат алмасқан. Кейін әлгі адам қызды қонаққа шақырып, такси жіберген. Үйіне келген соң, оған күш қолданғаны айтылды. Ал күдікті қызды кәмелеттік жасқа толған деп ойлағанын және жыныстық қатынас өз еркімен болғанын алға тартқан.

 

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар