сәрсенбі, 18 наурыз, 2026 15:05

Қазақстан және шетел ақпаратын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Байланыс

Неке заңына "әке мен ананы қорғау" туралы бап енеді

Неке заңына "әке мен ананы қорғау" туралы бап енеді
Фото: kipd.kz
Жаңа Конституцияның қабылдануыа байланысты, 5 жаңа және қолданыстағы 8 конституциялық заңға, сондай-ақ 60-тан астам заңға, оның ішінде негізгі кодекстерге өзгеріс енеді. Яғни, осы 60 заңның 20-сы азаматтық қоғамды дамыту бағытында болады.

Сонымен қатар мәдениет және ақпарат министрлігіне қарасты бағыттарда, соның ішінде, мәдениет, ақпарат, БАҚ, архив ісі, мемлекеттік рәміздерді пайдалану, мемлекет пен азаматтық қоғамның өзара байланысы, дін мен жастар, отбасы саясаты салаларын реттейтін 20-дан астам заңнамалық актіге өзгеріс енгізу жоспарланып отырғанын айтты..

 "Берік отбасы – қуатты қоғамның іргетасы. Конституцияда неке мен отбасыны, ана мен әкені, балаларды қорғау қағидаты бекітілген. Осыған байланысты мемлекеттік органдармен бірлесіп, заңнаманы, соның ішінде "Неке және отбасы туралы" кодексті жетілдіру бойынша ұсыныстар пысықталып жатыр", – деді Аида Балаева.

Министрдің сөзінше, БАҚ саласындағы заңнаманы жетілдіру жалғаса береді. Сөз еркіндігін күшейтіп, цензураға жол бермеу, азаматтардың ақпаратты алу және тарату құқығы қағидаттарын жан-жақты әрі нақты айқындау көзделіп отыр.

Оймақ
Автор

Оймақ

Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.

Ұқсас жаңалықтар