"Айқай-шу басталды": Мақпал Жүнісоваға әуежайда тағы да қиындық туған
- авторОймақ
- Бүгін, 07:18
- 38
Қазақстанның халық әртісі Мақпал Жүнісова әуежайда болған жағдайға қатысты пікір білдірді, деп хабарлайды Oimaqnews.kz turkystan.kz.сайтына сілтеме жасап.
Оның айтуынша, ұшаққа мінер алдында домбыраны өткізу мәселесі тағы да қиындық туғызған.
“Әуежайға келдік. Тағы да айқай-шу басталды. Тағы бір қыз келіп, ‘домбыраны өткізуге болмайды’ деп қақылдап кетті. Бұған тағы да ақша төлейсіз дейді. Депутаттар шешкен сияқты еді, анығын кім біледі?” – деді әнші.
Бастапқыда жағдайға реніш білдірген өнер иесі кейін әуежай қызметкерлерімен келісімге келген. Нәтижесінде домбыраны ұшаққа өткізу үшін 5 мың теңге төлеген.
“Жүйкеміз орнына түсті. Домбыраға бес мың теңге ақша алды. Осы жолы арзан алды. Ана жолы 65 мың теңгеге шапка мен домбыраға билет алып едім. Бұл жолы өте арзан екен”, – деп әзілдеді халық әртісі.
Оймақ
Қазақстан және шетел ақпараттарын тарататын, түрлі оқиғаларға мамандар көзқарасы мен арнайы сараптама ұсынатын медиа құралы – Oimaqnews.kz. Ойлана білгенге оймақтай ойдың да берері мол.





